04 наурыз 2021 13:09

Қызмет барысында қаза тапқан полицейлер отбасына тұрғын үй жәрдемақысы төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қызметтік міндетін атқару кезінде жарымжан болып қалған немесе қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы тұрғын үй жәрдемақысынан қағылмайды. Сенаторлар бүгін заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызметтік міндетін атқару кезінде жарымжан болып қалған немесе қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы тұрғын үй жәрдемақысынан қағылмайды. Сенаторлар бүгін заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және тұрғын үй қатынастары саласында заңнамалық актілерді одан әрі жетілдіру бойынша заң жобасы қаралды.

"Жаңа заң жобасы ішкі істер органдары қызметкерінің түрлі санатын тұрғын үйді тек жалға алғаны үшін берілетін қолданыстағы өтемақы жүйесінің орнына ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алу құқығымен тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа жүйесін қолдануды көздейді" - деді сенатор Сергей Ершов.

Алайда оның айтуынша, заң жобасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мертіккен, жараланған жағдайда тұрғын үй төлемдерін жалғастыру мәселесі реттелмейді.

Сенатор бұл олқылық қолайсыз әлеуметтік салдарға әкелетінін айтты. Мұндай қызметкердің отбасы мүшелері ипотекалық несие бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігінен және іс жүзінде әлеуметтік қорғанынан айрылады.

"Заң жобасында асыраушысынан айырылған ішкі істер органы қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй тапқанға дейін қызметтік тұрғын үйден шығаруға болмайтыны, ал асыраушысынан айырылған, бірақ несиеге рәсімделген тұрғын үйде тұратын отбасы әдетте тұрғын үйде тұру құқығынан да, ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінен де айырылатыны көрсетілген", - деді Ершов.

Ол бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін үкімет белгілеген мөлшерде және тәртіппен, ипотека шарты немесе жалдау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін сақтауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети