04 қараша 2020 18:03

"Қызметкерлерді жауап алуға шақырып жатыр" - вице-министр Біртановтың ұсталуы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният министрліктің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният министрліктің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, әрине, министрлік үшін қиын ақпарат. Қазір құзырлы органдар айналысып жатыр. Олар анықтайды деп ойлаймын", - деп жауап берді журналистің сұрағына Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

"Бұл тергеу Денсаулық сақтау министрлігі мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысына әсер етті ме, тергеу әрекеттері мен тексерулерге байланысты сізде және сіздің әріптестеріңізде қандай қиындықтар болды?" - деп сұрады журналист.

"Жалпы алғанда, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қосымша ауыртпалық бар, әрине, тергеу органдары құжаттармен жұмыс істейді және олар біздің қызметкерлерді жауап алуға шақырып жатыр", - деді вице-министр.

Еске салайық, мұның алдында Желіде экс-министр Біртанов ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланған болатын. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.

Ал кеше Экономикалық тергеу қызметі Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған. 

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети