13 маусым 2021 12:16

"Қызыл" аймақтағы жалғыз қала. Нұр-Сұлтанда құдалық жасағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта тұрған жалғыз қала - Нұр-Сұлтан. Осыған қарамастан, елордалықтар карантинді бұзуды тоқтатар емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта тұрған жалғыз қала - Нұр-Сұлтан. Осыған қарамастан, елордалықтар карантинді бұзуды тоқтатар емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, өткен тәулікте карантин тәртібі Нұр-Сұлтанның үш ауданында бес мекемеде бұзылған.

Сарыарқа ауданы Сарыарқа көшесі, 11 мекенжайындағы "Атом" компьютерлік клубы маска режимін сақтамай жұмыс істеген. Сондай-ақ, осы ауданда Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайындағы "Панаехали" атмосфералық клубы тыйым салынғанына қарамастан жұртшылықты қабылдаған.

Есіл ауданы Д.Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайындағы Cabera гриль-бары және Қорғалжын тас жолы, 2 мекенжайындағы "Зима" барлар галереясы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеген.

"Алматы ауданы Майлин көшесі, 33 мекенжайындағы "Алтын адам" банкет залында да карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Мұнда жиналған жұрт құдалық өткізген. Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды", - деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети