08 ақпан 2020 19:23

Қызылорда әкімі өткен жылды қорытындылап қала халқына есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасының "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаев А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде тұрғындар алдында 2019 жылы Қызылорда қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есебін берді., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасының "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес қала әкімі Н.Нәлібаев А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде тұрғындар алдында 2019 жылы Қызылорда қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есебін берді., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласы бойынша 15 қаңтардан бастау алған халыққа есеп беру кездесуі аясында бүгінге дейін қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде, үш қоғамдық қабылдау, қаланың екі аймағында, қоғамдық кеңестің алдында барлығы 15 кездесу ұйымдастырылған.

Әрбір кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды.

Қорытынды есеп беру жиынына қала тұрғындарымен қатар, қаланың құрметті ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдері, облыстық басқарма, департамент басшылары мәслихат депутаттары, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев арнайы қатысты.

Соңғы жылдары өңір экономикасының даму динамикасы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Қаланың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер пайда болып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артуда.

Қызылорда қаласында өткен жылдың қорытындысымен бюджет көрсеткіші 80 пайызға артты.

Яғни, 2019 жылдың басында 42,9 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл қорытындысымен 77,3 млрд. теңгеге жеткен.

Былтырғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 53 млрд. 330 млн. теңгеге жетті. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 36,6 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 536 мың 26 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, 113,3 пайызды құрады.

Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 49 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде.

Биылғы жылдың жоспарында да халық сұранысына сәйкес ауқымды жобалар жүзеге асырылады.

Есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан қала тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды мәселелер, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен сауалдарын ортаға салынды.

Жалпы, қызылордалықтар қала әкімінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарына көңілі толатындықтарын жеткізген.

Қаланың құрметті ардагері Сәпен Аңсатов әкімнің есебінен кейін сөз алып, жыл бедеріндегі айтулы жетістіктер мен алдағы жоспарларды қуаттайтындығын және қала әкімінің халық артқан сенімді ақтау жолындағы еңбегін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты, белгілі ақын ШәҺизада Әбдікәрімов өз пікірінде: "Қала әкімінің бүгінгі есеп беру кездесуінде біраз мәселелерді ашық талдадық. Қала әкімі бүгінге дейін барлық ауылдық округтерді аралап, күрделі мәселелер үшін арнайы бюджетті реттеп те үлгерді. Демек, осыған дейін өткізілген небір кездесулердің түйіні мен қорытындысы бар деген сөз. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың істеп жатқан шаруалары аз емес. Бұл кездесу Күлтөбенің басындағы күндегі кеңес емес, арбаның дөңгелегіндей айналған бір жылдың көлемінде атқарылған жұмыстардың есебі. Сондықтан, қала әкімінің есебін жоғары деңгейде деп қабылдап, келер күндерге үмітімізді артамыз",- деген қала тұрғындарының шынайы сенімін жеткізді.

Кездесуге келген халыққа риясыз алғысын жеткізген қала әкімі Н.Нәлібаев: "Біз қашаннан "Басталған істің жұмысы – біреу, ырысы - ортақ" деп еңбегін елдігіне, тірлігін бірлігіне балаған халықпыз. Олай болса, бүгін осында келіп, ой бөліскен азаматтық қадамдарыңыз үшін көп рақмет. Бұл - осы қаланың басшылығы - бізге артылған шынайы сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік деп білемін", - деді.

Қала әкімінің қорытынды есеп беру кездесуіне арнайы қатысқан аймақ басшысы Қ.Ысқақов: "Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 2019 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттерін Өздеріңізге баяндап өтті. Жалпы, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар. Атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында. Дамудың мүмкіндіктері де жеткілікті",- деген оң бағасын берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети