18 қыркүйек 2015 17:47

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Әлібаев. © Odainfo.kz Нұржан Әлібаев. © Odainfo.kz

Қызылорда әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұржан Әлібаев бұл қызметке 2013 жылы тағайындалған болатын.


Қызылорда әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұржан Әлібаев бұл қызметке 2013 жылы тағайындалған болатын.

Әлібаев ТЖ және жұмылдыру дайындығы, энергетика, газбен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі, табиғи монополияларды реттеу, архитектура және құрылыс, түрлі салада мемлекеттік стандарттардың орындалуын қадағалау сияқты бірнеше мәселемен айналысты. Оның орына кімнің тағайындалатыны әзірше белгісіз.

Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы 1967 жылы 5 наурызда Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген. 2007-2009 жылдары "Маңғыстау облысы әкімдігінің істер басқармасы" МКҚК-ның директоры, 2009-2013 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Үйленген, төрт баланың әкесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети