26 қазан 2022 08:51

Қызылорда облысында аттракцион кабинасы құлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында аттракцион кабинасы салбырап, сынып кетті. Абырой болғанда, оқиға кезінде кабинада адамдар болмаған. Оқиға орнында түсірілген видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-те жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторы бұл аттракцион ауылда жуырда орнатылғанын жазған. Оқиғаға дейін жергілікті тұрғындар оған отырып үлгерген екен.

"Оқиғаға дейін қызым аттракционға отырған.  Билік неге халықтың қауіпсіздігін ойламайды?", – деп ашуланды жергілікті тұрғындардың бірі.

Қызылорда облысы әкімдігінде жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Видео 15-17 қазан аралығында аттракционды техникалық тексеру кезінде түсірілген. Видеодан көріп отырғандарыңыздай, аттракционда адамдар болмады, зардап шеккендер жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети