30 қыркүйек 2014 | 15:31

Қызылорда облысында қаржы полициясы ғимаратына Қазақстанның жыртылған туы ілінген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қызылорда облыстық орталық ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің ғимаратында Қазақстанның жыртылған туы ілініп тұрды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облыстық орталық ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің ғимаратында Қазақстанның жыртылған туы ілініп тұрды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұны Қармақшы аудандық прокуратурасының қызметкерлері мемлекеттік мекемелердегі "Мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық заңның сақталуын тексерген кезде анықтады. Прокурорлар стандартқа сай келмейтін Қазақстанның бұл туының ауыстырылуы және жойылуы тиіс екенін еске салды. "Конституциялық заңның талабына қарамастан, Қызылорда облыстық орталық ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің ғимаратында талапқа сай келмейтін Қазақстан туы ілініп тұрды. Қызылорда облыстық қаржы полициясының басшылығына аталған заңбұзушылық үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін шешу туралы нұсқау берілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы сауда орталығының Қазақстан туын дұрыс ілуге мәжбүрленгені хабарланған болатын. Азаматтардың хабарлауынша, бұл жерде мемлекеттік рәміз қалай болса, солай буылған. Ал Алматыда жүргізуші Қазақстан туын қоқысты бүркеуге арналған кенеп орнына қолданған. Оған 340 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети