19 тамыз 2014 11:34

Әкімдік сауда орталығын Мемлекеттік туды дұрыс ілуге мәжбүрледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет Астана қаласы әкімдігінің сайтынан алынды Фотосурет Астана қаласы әкімдігінің сайтынан алынды

Астана әкімдігі сауда орталығын Қазақстанның мемлекеттік туын дұрыс ілуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астана әкімдігі сауда орталығын Қазақстанның мемлекеттік туын дұрыс ілуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала әкімдігінің сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізін құрметтемеу" деген тақырыбы бар өтініш келіп түсті.

"Мен жуырда METRO супермаркетінде болып, туымыздың қалай болса, солай оралғанын фотоға түсіріп алдым", - деп жазған қала тұрғындарының бірі.

"ҚР 2007 жылдың 4 шілдесіндегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Заңына сәйкес, Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері METRO сауда орталығы әкімшілігінің жұмысшыларына заңнаманы сақтау мәселелерін түсіндірді. Сіз көрсеткен заңбұзушылық сол күні жойылды", - деп хабарлады әкімдіктің ішкі саясат басқармасының мамандары, олар жауапқа фотосуретті қоса берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік туды қоқыс төгуге қажетті кенеп орнына пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Tengrinews.kz Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші Есенбековке 370 400 теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети