10 сәуір 2020 09:31

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ләззат Ақтаеваның Facebook парақшасынан Фото: Ләззат Ақтаеваның Facebook парақшасынан

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған науқас әйелдің босанғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған науқас әйелдің босанғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүкті әйел 8 сәуірде провизорлық перзентханаға (оқшауланған ғимарат) ай-күні жетіп, ЖРВИ белгілерімен түсті. Дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілді. Коронавирус инфекциясына тексергенде талдауы оң болып шықты. Толғақ басталды. Аман-есен босанды. Сәби кювезде жатыр, салмағы - 2 970 грамм, бойы - 51 сантиметр. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, COVID-19 талдау алынды", - деп жазды Ақтаева Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, босанған әйел инфекциялық стационарға әрі қарай ем қабылдау үшін жатқызылған. 

"Кезекші бригада медициналық көмек көрсеткен кезде қорғану құралдарын барынша қолданды. Кезекшілік аяқталған соң бірден екі аптаға үйдегі карантинге жіберілді. Олар - күн сайын еңбек ерлігін жасайтын бүгінгі күннің батырлары", - деп жазды Ақтаева.

Вице-министр Қызылорда облысы перинаталдық орталығының кезекші бригадасының есімдерін атады: акушер-гинеколог Ақбота Қоңқабаева, акушер Әйгерім Еңсепбаева, неонатолог Меруерт Аққайырова және балалар медбикесі Айгүл Тұрғанбаева.

Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. 60 адам жазылды, 9 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети