26 ақпан 2014 22:19

Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бірлік ауылының тұрғындарымен бірге (сол жақта). Фото баспасөз қызметінен алынды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бірлік ауылының тұрғындарымен бірге (сол жақта). Фото баспасөз қызметінен алынды

Қызылорда облысында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеуге уәде берілді деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Бұл - табиғаттың мінезі. Бұндай жағдай күтпеген жерден келеді. Сондықтан орын алған оқиғаға түсіністікпен қарап, оны еңсеруге бір адамдай ат салысайық. Бұл - таудан келген қызыл су. Осыны түсініңіздер. Өзен тасыған жоқ. Сондықтан дүрлігудің еш қажеті жоқ. Дәл қазіргі уақытта бүлінген екі үй анықталды. Комиссия шығынын есептеп жатыр. Сіздерге көмек көрсетілетін болады. Қаржыландыру жағынан мәселе болмайды" - деді еріген қар суынан зардап шеккен Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесуінде облыс басшысы Қырымбек Көшербаев. Баспасөз қызметіндегілер де су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтелетіндігін айтты. Алдағы дайындық жұмыстары мен су тасқынының салдарын жою турасында әкім селекторлық кеңес өткізген. Негізінен, аймақ басшысы жауапты шенеуніктердің еңбек демалысына кетуіне тыйым салған. "Қазір Шардара толып тұр. Көксарай жарты аптадан соң толады. Биыл қар қалың түсті, су тасқыны болуы әбден ықтимал. Мұны біз жасырмаймыз. Болуы мүмкін қауіп үшін қаржы бөлінген. Енді Жаңақорған, Арал аудандарын қар суы алмай тұрғанда жұмысқа кіріскен дұрыс, бізге тыным болмайды. Еңбек демалысына немесе іссапарға ешкім бармайтынын ескертемін. Күні-түні жұмыс істейтін боламыз" - деді Көшербаев. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Жаңақорған ауданында су тасқыны болу қаупі бар. Тау етегіне жақын тоғыз елді-мекен орналасқан. Қар әлі еріп біткен жоқ, сондықтан мамандар қызыл суды жайлауға қарай бағыттап жатыр. Жаңақорған ауданының тұрғындары су тасқынын бастан кешіргенін еске сала кетелік. Жуырда үйлердің ауласын су басып қалғанда орын алған өте ыңғайсыз жайт республикалық телерана эфирінен көрсетілген еді. Жергілікті тұрғын аудан әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаевқа топан судан өтіп, үйіне жете алмай отырғандығына шағымданған. Ал ол болса, "бұл өзінің проблемасы, оны өзі шешсін" деп салған. Халықпен бұлайша дөрекі сөйлескені үшін аймақ басшысы Қаржыбек Бүркітбаевқа қатаң ескерту жасаған. "Қандай қиын мәселе болса да біздің міндетіміз - мемлекеттік қызмет этикасын сақтау" - деді Көшербаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети