Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде 3 600 пәтерлік тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. Жыл аяғына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі деп күтіліп отыр.


Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде 3 600 пәтерлік тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. Жыл аяғына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі деп күтіліп отыр.

Қызылорда облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің тікелей қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары табысты жүзеге асырылып келеді. Экономикалық өсім мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін кешенді жұмыс қолға алынған. Сәулетті үйлері сап түзеген жаңа ықшам аудандар пайда болып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары кезең-кезеңімен баспана алып жатыр.

Соңғы төрт жылда (2021-2024) облысымызда қаржыландырудың барлық көзі есебінен 2 миллион 952 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 6 мыңнан астам пәтер (6726) табысталды. Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер ел игілігіне айналды. Бұл арқылы мыңдаған отбасы көптен күткен арманына қол жеткізді.

Осы жылы 3 600 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 48 миллиард 543 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде аудандарда 322 пәтерлік 161 үй салынып жатыр. Жалпы қаржыландырудың барлық көзінен жыл соңына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі деп күтіліп отыр.

Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға 64 миллиард 97 миллион теңге бағытталып, 5 600 пәтерде тұрғындар қоныс тойын тойлады. Өткен айда кезекте тұрған азаматтарға 280 пәтерлік 7 тұрғын үйдің, кеше тағы да 320 пәтерлік 4 тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұл – тұрғындарды баспанамен қамтудағы еселі еңбектің, аймақ экономикасының өсу қарқынының және әлеуметтік тұрақтылықтың нақты көрінісі.

Бүгінде Қызылорда қаласында заманауи сәулеттік шешіммен бой көтерген 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер шаһардың жаңа келбетін айшықтап, құрылысқа серпін берді.

Tengrinews
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети