28 сәуір 2021 11:59

Қызылордада 6 жасар бала іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада алты жасар бала іздестіріліп жатыр. Ол 27 сәуірде серуендеуге шығып, оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада алты жасар бала іздестіріліп жатыр. Ол 27 сәуірде серуендеуге шығып, оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 27 сәуірде шамамен сағат 19.35-те Қызылорда қаласы Титов кентінде 2015 жылы туған Бақыт Әлтаир Мақсатұлының жоғалғаны туралы арыз түскенін айтты.

"Ата-анасының сөзінше, 6 жасар бала 27 сәуірде сағат 10.00 шамасында үйден шығып, оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облыстық полиция департаментінің, Қызылорда қалалық полиция басқармасының, Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Баланың суреті барлық полиция бөлімшесіне жіберілді.​ ​Қызметкерлер көпқабатты үйлердің шатыры, жертөлелер мен люктер, саяжай алаптарындағы қараусыз қалған үйлер, салынып бітпеген ғимараттар, мен Сырдария өзенінің жағалауын тексеріп жатыр.

Іздестіру жұмыстары полиция департаменті басшысының ерекше бақылауында.

"Жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, Қызылорда облысының полиция департаментіне немесе Қызылорда қаласының полиция басқармасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: 8 (7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және арна 102", - делінген хабарламада.​

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети