26 ақпан 2014 18:27

Қызылордада әйелдердің үлес салмағы басым

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында ұл балалардың көп туылғанына қарамастан әйелдердің саны ерлерден көп болып тұр. Соңғы жеті жылдың көлемінде бұл көрсеткіш сақталып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2006 жылы өмірге келген 100 қызға 105 ер баладан келген еді. Ал 2013 жылы 100 қызға 108 ұлдан болды. Осыған қарамастан аталған жылдарда ерлермен салыстырғанда әйелдердің үлес салмағы артқаны байқалып отыр. 2006 жылы 100 ер азаматқа 109 әйелден келсе, былтыр 102 әйелді құрады. Мамандардың айтуынша, ерлер арасында әйелдерге қарағанда өлім-жітім көп болады екен. 2006, 2013 жылдары қайтыс болған 100 әйелге 146 ер адамнан келген екен. Облыста ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да түрліше болып тұр. 2012 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жасты шамалаған. Оның ішінде әйелдердікі 74,1 жасты маңайласа, ерлердікі 65,3 жасты құраған. Айырмашылығы әйелдер пайдасына 8,7 жылды шамалайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети