Қызылордада күріштің жаңа cорты өндіріске енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бейтарап сурет Бейтарап сурет

Қызылорда облысында араға 31 жыл салып күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілмекші. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады. Қазіргі таңда елімізде күріш өнімінің 90 пайызға жуығын Сыр өңірінің диқандары өндіреді. Сондықтан саланың жұмысын жүйелеу мақсатында бәсекеге қабілетті күріштің жаңа сорттарын шығару, озық технологиялар мен шетелдік жетістіктерді тәжірибеге енгізу секілді жұмыстарды атқаруға мән берілуде. Осы мақсатта Қызылорда қаласында орын тепкен Ыбырай Жақаев атындағы "Қазақ күріш шаруашылығы институты" ЖШС ғалымдары өздері жасап шығарған "ҚазЕР" сортын өндірістік сынау мақсатында Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында егуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 2014 жылы облыс диқандары "Светлый", "Южный" секілді жаңа сорттарды да сорттық сынақтан өткізбекші. Жұртшылық бүгінгі таңда қолданылып жүрген "Ақмаржан" сортының осыдан 31 жыл бұрын, дәлірек айтқанда, 1983 жылы өндіріске енгізілгенін жақсы біледі. Өкінішке қарай, содан бергі уақытта отандық ғалымдар ешқандай да жаңа сортты өндіріске енгізбепті. Соның салдарынан "Ақмаржан" сорты түрлі күріш ауруларына душар болып, дақылдың өнімділігіне кері әсерін тигізіп жүрген жайы бар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro