12 желтоқсан 2018 | 19:08

Қызылордада өз саласында зор жетістікке жеткен жастарға сыйақы беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі "Самғау" сыйлығына құжат қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі "Самғау" сыйлығына құжат қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұл сыйлық, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, шебер, қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.

Қызылорда қаласы жастарына арналған "Самғау" сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады.

"Самғау" жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Айта кетейік, "Самғау" сыйлығы бұған дейін 6 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 60 жас марапатталған. Ал, биыл бұл шара 7-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қызылорда қаласы жастарына арналған "Самғау" сыйлығын тағайындау Ережесімен толық таныса аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.74  course up  546.26  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer