18 сәуір 2014 | 13:24

Қызылордада соғыс ардагерлеріне 140 мың теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай 140 мың теңгеден алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Балдырған Нұртуғанқызына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай 140 мың теңгеден алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Балдырған Нұртуғанқызына сілтеме жасап. 

Қалалық әкімдік Жеңістің 69 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 74 080 теңге береді, сондай-ақ коммуналдық қызметін өтеуге сапалы көмек ретінде оларға тағы да осынша қаражат төленеді. Мерекеге орай берілетін төлем мен көмекті олар қайтыс болғаннан кейін күйеуге тимеген ардагерлердің әйелдері де осынша мөлшерде төлемақы алатын болады. Сонымен бірге осынша мөлшердегі төлем концлагердің тұтқыны болған бір әйелге де беріледі. 

Қалалық әкімдік мерекелік төлемге барлығы 185 миллион теңге бөлген. Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль АЭС апатын жоюға және жергілікті соғысқа қатысқандар мерекеде 55 560 теңге көлемінде біржолғы төлемақы алатын болады, ал тыл батырларына - 37 040 теңге беріледі. Сондай-ақ қалалық әкімдік 90 тыл еңбеккерлерінің коммуналдық қызметіне өтемақы төлеуге, Ұлы Отан соғысы жылдары ерен еңбегі үшін түрлі орден-медалдармен марапатталған адамдардың әрқайсысына 55 560 теңгеден өтемақы төлеуге шешім шығарған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жеңіс күніне орай Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 75 мың теңгеден берілетіні хабарланған болатын. Сонымен бірге, Астана әкімдігі Жеңістің 69 жылдығы шеңберінде 258 қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден беретінін мәлім еткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети