07 сәуір 2014 13:51

Соғыс ардагерлеріне 150 мың теңге сыйақы беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Ярослав Радловский Фото ©Ярослав Радловский

Астанада 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 150 мың теңгеден сыйақы беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астанада 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 150 мың теңгеден сыйақы беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Биыл елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын атап өту аясында жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджет қаржысы есебінен бір реттік ақшалай төлем ретінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Астанада Жеңіс күніне орай 258 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден беріледі", - делінген хабарламада.

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесi берiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдер бойынша теңестiрiлген адамдарға 20 мың теңгеден төленеді.

Сонымен қатар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа да санаттағы адамдарға, соның ішінде  тыл еңбеккерлері мен қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 мың теңгеден беріледі.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік күндері барлық аймақтардағы жеке санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін теңестіруге уәде берген болатын. Өйткені 2012 жылдың 9-мамырында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берілген төлем көлемінің айырмашылығы өте алшақтап кеткен. Мәселен Маңғыстау мен Атырау облыстарында ҰОС ардагерлеріне 100 мың теңгеден берілсе, ал Қостанай облысында бұл төлем 5 АЕК құраған, нақты сол кезде ол 8090 теңге болған.

Қазақстанда небәрі 6 мың Ұлы отан соғысының ардагерлері мен 220 мың тыл еңбеккерлері тұрады. Өткен жылы да Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күні 150 мың теңгеден берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети