Қызылордада спорт және ойын алаңдарының саны артты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгінде Қызылорда қаласы тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан, 225 ойын алаңы бар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қызылорда қаласы тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан, 225 ойын алаңы бар.

Биыл облыс әкімінің қолдауымен спорт және ойын алаңының қатары толығуда. Қазіргі таңда 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмыс барысында заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғылары орнатылуда.

Айта кету керек, бұдан бөлек биыл қаладағы 23 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуда. Ал, өткен жылы қала тұрғындарының игілігі үшін 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, көпшілікке заманауи спорт алаңдары мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, жарық бағаналары орнатылды.

Ал, 2022 жылы жергілікті демеушілердің есебінен "Балалар жылына" орай 80 балалар спорт-ойын алаңы тарту етілді. Оның 50-і облыс орталығында салынды.

Tengrinews
Қызылорда қаласының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer