12 сәуір 2020 10:54

Қызылордалық дәрігерлер қонақүйге орналастырылып, үш мезгіл тамақпен қамтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық кәсіпкер коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерді өз қонақүйіне орналастырды. Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордалық кәсіпкер коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерді өз қонақүйіне орналастырды. Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақтары беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.

 "Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. Індетпен күресуге атсалысып жатқан медицина мамандарының барлығы ыстық тамақпен, жатын орынмен, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкер демалады.  Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.

Бұдан бөлек, аймақта СОVID-19 вирусымен күресіп жүрген медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау мақсатында комиссия құрылып, алғашқы отырысын өткізді. Қорытындысында, тәуекел топтары бойынша үстемақы алатындардың тізімі нақтыланды.

I тәуекел тобына 850 мың теңгеден, барлығы  35 адамға 5,7 миллион теңге қарастырылған. II тәуекел тобына 425 мың теңгеден жалпы саны 161 адамға, 20,5 миллион теңге. ІІІ тәуекел тобына 212,5 мың теңгеден, барлығы - 179 адамға 7,9 миллион теңге бөлінген. Қаржы дәрігерлердің есепшотына жақын күндері аударылуы тиіс.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети