16 наурыз 2021 10:11

Қызылордалық кәсіпкер гуманитарлық көмекті өз пайдасына жаратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото REUTERS/Kim Kyung Hoon© Фото REUTERS/Kim Kyung Hoon©

Қызылордада кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық тауарларды өз пайдасына жаратқан. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық тауарларды өз пайдасына жаратқан. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік прокуратурасы гуманитарлық тауарларға салықтар мен кедендік төлемдер салынбайтынын еске салды. Кейбір қу кәсіпкер бұл ережені пайдаланған. 2020 жылдың қарашасында Қызылорда көлік прокуратурасы жеке компанияның салық төлеуден және кедендік төлемдерден жалтару дерегін анықтады.

"Компания гуманитарлық көмек деп Қазақстанға медициналық мақсаттағы тауарларды: бір реттік және көп рет қолданылатын қорғаныс киімдері, көзілдіріктер, бас киімдер, медициналық маскалар, резеңке қолғаптар, бахила алып келген. Жалпы салмағы 123 келі болатын бұл тауарлардың бағасы 3 400 000 теңгеден асады. Кейін компания бұл тауарларды өз мақсаттарына пайдаланды, мұқтаж ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсетпеді", - деді прокуратура қызметкерлері.

Мұндай жағдайда кәсіпкер тауар әкелу кезінде мемлекет қазынасына міндетті төлемдер жасауы керек болғаны айтылды. Салдарынан, прокуратураның ұсынысы бойынша компания кедендік тексерістен өтіп, тиісті төлемдерді толығымен өтеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети