25 маусым 2019 19:10

Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Азық-түлік және басқа да қажетті заттармен автокөліктер Арыс қаласына жолға шықты.

Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөліміндегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысынан 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық және 1,5 тонна сүт түрінде өз көмегін жіберді. Аталмыш күрішпен облыстағы "Абзал и К" ЖК, "Ақтөбе и К" ЖШС, "Абай Дәулет" ЖШС, "Жан Арай" ЖШС, "Ақжарма 2" ШҚ, "Жаңажол" ЖШС, "Ақжарма и К" ФҚ, "Ақмая" ШҚ, "Төңкеріс К" ШҚ, "Сыр маржаны" және "Түгіскен ТШ" ЖШС ауылшаруышылық тауар өндірушілері қамтамасыз етті.   

"Бұл-қызылордалықтардың Арыстағы ағайындары үшін бір түн ішінде жинаған гуманитарлық көмегі. Бірақ жұмыс әлі жалғасуда, облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылды, ол зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында Арыс тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Алдағы күндері тағы да осындай көмек түрлерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұл зардап шеккендерді қолдау үшін жиналған қазақ халқының бірлігінің дәлелі", - деді "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың 2000-нан астам мемлекеттік қызметшісі жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудармақ.

Осы оқиғаға байланысты тоқтатылған 5 пойыздың 1200 жолаушысына жәрдем берілді. Оларға ыстық тамақ пен сусындар жеткізіліп, 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жолаушыларды жеткізу пункттеріне тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети