02 маусым 2023 18:00

Ләззат Ибрагимова: Мінсіз адамға тұрмысқа шыққаныма 30 жыл болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ARU LIFЕ жобасының қонағы, "Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова – отбасылық даналық пен практикалық кеңестердің нағыз қайнар көзі. Сұхбат барысында ол жиналысты сәтті өткізудің тиімді әдістерін айтып қана қоймай, отбасылық өміріне қатысты кейбір мәліметтерді де бөлісті. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.


ARU LIFЕ жобасының қонағы, "Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова – отбасылық даналық пен практикалық кеңестердің нағыз қайнар көзі. Сұхбат барысында ол жиналысты сәтті өткізудің тиімді әдістерін айтып қана қоймай, отбасылық өміріне қатысты кейбір мәліметтерді де бөлісті. ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы.

"Жиналыс немесе белгілі бір диалогқа барған кезде әрдайым нақты сандармен дәлел келтіремін, адамдар соған таң қалады. 2010 жылы бір әріптесім, вице-министр, маған "Миссис Google" деп ат қойып алған. Бір жаққа барсақ, "Google, не дейсің?" деп сұрайтын. Шын мәнінде ешқандай құпиясы жоқ. Жас кезімде КВН-ге қатысып жүрген кездері сахнадағы ең мықты экспромт дайындыққа тікелей байланысты екенін түсіндім. Сондықтан мықты болуың дайындығыңа байланысты. Әр жиналысқа дайындалған кезде мен бәрін жазып аламын, мұқият оқимын, қай сандар сәйкеспейтінін, неге себебі табылмай жатқанын зерттеймін. Ең бастысы – осындай дайындық", - дейді Ләззат Еркінқызы.

Әлбетте, ARU LIFЕ жобасы қонағының қызметі жұмысына көп уақыт пен көңіл бөлуді қажет етеді. Десе де, Ләззат Ибрагимова жанұя мен мансап арасындағы тепе-теңдікті сақтай алады.

"Еңбектің арқасында өмірде кез-келген жетістікке жетуге болатынына сенемін. Өзіңмен жұмыс жасау, қабілеттеріңді жетілдіру, дайындалу, жақсы оқу. Адам өмірінде болжап беру мүмкін емес бір нәрсе бар, ол – неке, яғни отбасын құру. Ол лотерея секілді ғой. Бірақ тұрмысқа шығу деген – шешім қабылдау. Сіз мұны түсініп, артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып шығып, адамды зерттеп көруіңіз керек. Көбіне біз мұны басқаша қабылдаймыз. Шын мәнінде, көп нәрсе дұрыс таңдауға байланысты болады. Мен өз өмірімде өте дұрыс таңдау жасадым. 30 жыл бойы бойында бір міні жоқ адамның жарымын, одан артық адамды өмірімде кездестірмедім, енді кездестірмеймін де. Күйеуім маған үнемі қолдау көрсетіп, көмектеседі. Маған қоятын талаптары да жоғары, өйткені өзіне келгенде де талапшыл. Десе де, үй шаруасына қатысты көп жағдайда кешіріммен қарайды, бір нәрсені бастап, аяқтауға үлгермей қалуым мүмкін, жұмысым барын түсінеді", - деп сырын бөлісті үш баланың анасы.

Айта кетерлігі, отбасындағы балалардың бәріне, болашақта немерелеріне де ата-ана өздері үлгі бола отырып, тәрбие береді.

"Жолдасым күн сайын таңғы 6-да тұрады, соңғы 27 жыл бойы осылай. Соңғы 27 жыл бойы жұмысынан кешкі 8-ден ерте келген кезі де болмаған. Ол қатаң тәртіп бойынша өмір сүреді. Сағат 11-де үйде бәрі өшіріліп, менен басқасының бәрі ұйықтайды. Өйткені бұл уақытта мен оқып отыруым мүмкін. Бұл тәртіп өзінің жемісін беріп жатыр, балаларымыздың бәрі мектепте оқып жүрген кездерінде, кейін университетте де осындай әскердегідей тәрбиеден өтеді. Мұның маған өмірде осы тепе-теңдікті сақтауға тигізетін көмегі зор. Бірақ алдымен мен дұрыс адамды таптым", - дейді Ибригимова.

ARU LIFE жобасын жасаушылар еліміздің жетекші қаржыгерлерінің бірінен айлықтан айлыққа дейін ақша санап өмір сүруді тоқтату, отбасылық бюджетті жүйелей отырып, жақсартуға қатысты кеңестерін бөлісуді де өтінді.

"Дұрыс адам болу – өте қиын. "Отбасы банкте" отбасылық бюджет туралы түсіндірген кезде әр жалақының кемінде 10-20 пайызын жинап отыру қажет екенін айтамыз. Өте қарапайым дүние ғой, шығындарыңыздың бәрін жазып отырк, пайыздарын санау, қажетсіз шығындарды анықтау. Бірақ күнделікті уақыт бөліп, санап отыру өте қиын. Тұлғалық дамуға оралсақ – өзіңе сену деген ертеңгі күнді, осы жылды, 5-10 жылдан кейінгі уақытты жоспарлауды білдіреді. Болашағын жоспарлайтын жандардың қатары артып жатқанына қуаныштымын", - деп толықтырды Ләззат Еркеновна.

Жоба қонағын отбасы концепті мен оның уақыт өте дамуы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу тақырыбы қызықтырады.

"Балаларымның өз бетінше өмір сүретін адамдар болғанын армандаймын. "Отбасы банктің" жетекшісі болғандықтан, отбасы тарихы жайында соңғы кезде көп ойланамын. Отбасының өмір сүру циклі деген ұғым бар. Жанұяның пайда болуы – ол 2 адам, кейін бір бала дүниеге келеді, кейін 3 бала болады, балалардың ұядан қанат қағып қалатын кезіндегі "бос ұя" эффекті бар. Бүтін бір әулеттің өмір сүру циклі деген ұғым да бар. Қытай халқында "әрбір төртінші буын ағаш аяқ киім киеді" деген, ирландықтардың "әр төртінші ұрпақ жыртық жейдемен жүреді" деген мақалы бар. Оның мәні мынада - алғашқы буын пассионарийлері ең биік жетістікке жетуге тырысады да, төртінші ұрпақ олардан қалған мұраны, әулетінің тарихын құрдымға жібереді", - деп түсіндірді жоба қонағы.

"Әйел бақыты деген не?" деген сұраққа Ләззат Ибрагимова сенімді жауап берді, өйткені тәжәрибелі сарапшы, дарынды қаржыгер ретінде тәжірибесі оған әр нәрсенің түп-төркінін дәл анықтауға көмектеседі.

"Әйел адам бақытының еркектің бақытынан еш айырмашылығы жоқ. Бақыт дегеніміз – қуана білу, әр күнге қуану. Бақыт адамның жүрегінде, ол не бар, не жоқ. 50 жасында да қуана алатын, айналасында болып жатқан нәрселерден ләззат алатын адамдар бар. Материалдық жағдайы жақсы, жетістіктерінің де көп болуына қарамастан, үнемі бірдеңеге көңілі толмай жүретін адамдар да болады. Қуана білу – ең үлкен бақыт", - деп ойын қорытты Ләззат Ибрагимова.

ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 4G-ден ондаған есе жылдам 5G технологиясын белсенді дамытуда.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 467.21   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети