25 желтоқсан 2023 09:37

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Fox News ©️ Fox News

Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, алайда бұл түр бойынша жетістік бар.

"Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Бір кездері 2005 жылы 48 000-ға ғана болған қазіргі таңда (киіктер) табиғатта 1,9 миллионға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, күшті құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдары, университеттері мен ғалымдары бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісін көрсетіп отыр", - деді актер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети