23 қыркүйек 2016 09:51

Л.Хорват: Мажарстан ЭКСПО-2017 алаңында өз мүмкіндігін таныстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Құрметті консулы Ласло Хорват және Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Баранимен кездесті.
 
Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар  техникалық мәселелерді талқылады, Ахметжан Есімов  мажарлық тараппен көрмені өткізуге дайындық және шетелдік қатысушыларды тарту ақпаратымен бөлісті.

Бүгінгі таңда 103 ел өздерінің қатысатындығын ресми растады, келісімдерді реттеу жыл соңына дейін аяқталады.

Ласло Хорват  Мажарстан да аталмыш елдер сияқты  ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растағандығын айтты.

1Астанада  өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі біз үшін өте маңызды, себебі біз 2021 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш бердік. Біз көрмедегі павильонымызда Мажарстанның әлеуетін көрсеткіміз келеді1, - деді ол.

Л.Хорват атағандай, Мажарстан  өз экспозициясында  электротранспорт пен көрме тақырыбы аясында өсімдікті қолдану жобасын таныстырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети