“Лифттен қорқады“. Зардап шеккен баланың анасы қайғылы оқиғадан кейінгі жағдайды айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде жасөспірім пышақпен шабуыл жасаған бала жақында алты жасқа толады. Оқиғадан кейін балаға күрделі ота жасалып, ем алып жүр. Оның анасы Tengrinews.kz тілшісіне қандай қиындықтарға тап болғандарын және өмірлері қалай өзгергенін айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде жасөспірім пышақпен шабуыл жасаған бала жақында алты жасқа толады. Оқиғадан кейін балаға күрделі ота жасалып, ем алып жүр. Оның анасы Tengrinews.kz тілшісіне қандай қиындықтарға тап болғандарын және өмірлері қалай өзгергенін айтып берді.

Оқиға қалай болды?

11 ақпанда қазақстандықтарды есеңгіреткен жаңалық тарады. Жасөспірім Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуылдаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Баланы ауыр хәлде №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургия бөліміне жатқызды. Оның бетінің жұмсақ тіндерінде көптеген кесілген жарақаттар болған. Дәрігерлер оған ота жасады. 14 сәуірде ол Ұлттық балаларды оңалту орталығына ауыстырылды.

Кейін шабуылдаушы жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. 12 мамырда Астана соты оны Алматы облысы Талғар ауданы, Ақтас ауылындағы арнайы бақылаудағы стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберді.

Жәбірленуші бала қалай өмір сүріп жатыр?

Анасының айтуынша, шабуыл салдары өте ауыр болған.

"Біз көп нәрседен өттік: инемен емделу, физиотерапия, оңалту. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ", – деді ол.

Бала оқиғадан кейін өзгеріп кеткен. Жалғыз қалудан қорқады, лифтке кіруден үзілді-кесілді бас тартады.

"Ол лифттен қорқады. Көшеге шықсақ, үнемі артына қарайды. Бұрын түнде тұрып, өзі су ішіп келетін – енді бізді шақырады. Жалғыз жүрмейді, жалғыз қалмайды", – деп жалғастырды анасы.

Әйел баласының жарты жыл бұрын қандай шат-шадыман бала болғанын еске алады. Айналасындағының бәріне қызығушылық танытатын, өз бетінше әрекет ететін бала. Қазір ол психологиялық көмек алып жатыр. Анасы да маманның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

"Біраз өз-өзіме келе бастадым. Бірақ бұл өте ауыр. Біз күнде сол оқиғаны бастан өткеріп жүргендейміз. Бұл сезімнен арыла алмай жүрміз", – дейді ол.

"Ұлым кінәлінің жазаланғанын естуі керек болды"

Кеше өткен сот шешімімен отбасы толық келіседі. Жәбірленушілер моральдық зиян үшін өтемақы талап етпеген.

"Күйеуім: "Жетер. Сен онсыз да шаршадың", – деді. Сот расымен де ауыр өтті, күніне 5–6 сағаттан. Өте қажытты. Бірақ сот шешімімен келісеміз. Ұлымызға кінәлінің жазаланғанын айттық. Ол жаман іс үшін жауапкершілік бар екенін естуі керек болды. Бұл маңызды – өмірдің қалай құрылғанын түсінуі үшін", – деді баланың анасы.

Емделу жоспары мен шетелге сапар

Қазір отбасы үшін басты мәселе – баланың денсаулығы. Анасының айтуынша, баланың бетінің сол жағы қатты зардап шеккен: үстіңгі бөлігі шамамен 70 пайыз, астыңғы жағы – 10 пайыздай. Пышақ жарақатынан зақымданған тісін де жұлып тастаған.

"Бетінің бір жағы мүлде жұмыс істемейді. Ең бастысы – птоз (көз қабығының салбырауы – еск.) жоқ. Әрине, бет пішіні өзгерді. Қазір оның бетінде үш тыртық бар, біреуі әлі жазылған жоқ. Инемен ем, физиотерапия – қолымыздан келетіні осы ғана. Бірақ физиотерапия ауыртпалықсыз болса, инемен емдеу өте қиын өтіп жатыр", – деді әйел.

Жақсару байқалмағанымен, дәрігерлер екінші рет ота жасауды ұсынбайды. Бет жүйкесінің бітіп кетпеу қаупі және жаңа тыртықтың пайда болу қаупі бар. Отбасы Израиль, Оңтүстік Корея және Ресей мамандарымен кеңескен. Олар нақты болжамдарды тек бетпе-бет тексеруден кейін ғана айта алатынын жеткізген.

Қаржылай көмекке отбасының туыстары мен достары қолдау көрсетіп жатыр. Бірақ шетелдегі емделуге бұл қаражат жеткіліксіз. Әйел ресми түрде қаражат жинауды бастап, әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтардан көмек сұрауды жоспарлап отыр.

"Бізге бірден: моральдық, физикалық және материалдық жағынан дайын болыңдар деді. Бұл ұзақ процесс. Қазір емдеу курсын аяқтап, ағзаға демалуға мүмкіндік береміз де, қайта бастаймыз. Сапарға қаражат жинаймыз, дәрігерлер іздейміз, ұлымыздың денсаулығын толық қалпына келтіруге тырысамыз", – деді ол.

Жақында бала алты жасқа толады. Ол әлі де белсенді әрі қызығушылығы жоғары. Жасы кішкентай болғанымен, оны алда үлкен жол күтіп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer