28 ақпан 2019 16:12

Литваның БҒМ экс-басшысы Астанада қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дайнюс Павалькис. © facebook.com/dainiuspavalkis Дайнюс Павалькис. © facebook.com/dainiuspavalkis

Литваның бұрынғы білім министрі Дайнюс Павалкис Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың шешімімен Астана медициналық университетінің ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Литваның бұрынғы білім министрі Дайнюс Павалкис Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың шешімімен Астана медициналық университетінің ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызметке тағайындалу үшін сұхбаттасу шарасы бірінші рет онлайн режимде өтті. Жұмыс комиссиясының үміткерлерді іріктеу шарасы Facebook желісінің трансляциясы арқылы жүргізілді. Бес адам өзінің резюмесін жіберген: "Астана медициналық университеті" АҚ проректорлары Ермек Ахметов пен Филлипо Барточонни, "Астана медициналық университеті" АҚ доценті Алтыншаш Жақсыбаева, Литваның Білім және ғылым экс-министрі Дайнюс Павалкис және уақытша жұмыс істемейтін Айгүл Каптағаева.

Ректор лауазымына үміткерлер 7 минут ішінде өз презентацияларын, ЖОО-ның даму жоспарларын ұсынды. Комиссия мүшелері сұрақтар қойды. Нәтижесінде, жаңа ректор Литваның бұрынғы білім министрі болып Дайнюс Павалкис тағайындалды.

Қазіргі уақытта ол Алматыда Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің провосты болып жұмыс істейді. Қазақстан медициналық ЖОО-да Павалкис лауазымын 2018 жылдың қаңтарында Литва денсаулық туралы ғылым университетімен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум аясында алған.

Дайнюс Павалкис 1960 жылы 5 мамырда Литваның Каунас қаласында дүниеге келген. 1978 жылы Каунас медицина институтының жалпы медицина факультетін тәмамдаған. 1990 жылы Мәскеу проктология ғылыми-зерттеу институтының (Ресей) докторантурасын және Литва Каунас медициналық институтында білім алған. Медицина ғылымдарының докторы. Ұлыбританияда, АҚШ-та, Грекияда және Португалияда жұмыс тәжірибесі бар. Литваның медицина ұйымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2012-2015 жылдар аралығында Литва Республикасының Білім және ғылым министрлігін басқарды.

2015 жылдан бастап бүгінге дейін Литваның Каунас клиникасы инновациялар және дамыту бөлімінің басшысы. Литва денсаулық ғылымдары университетінің хирургия факультетінің профессоры болған.

RISEHL Еуропалық комиссиясының консультациялық тобының мүшесі, зерттеулер, инновациялар және ғылыми саясат бойынша сарапшылар тобының мүшесі. SPH, Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Еуропалық комиссияның ғылыми тобының мүшесі. Каунас қаласы әкімінің кеңесшісі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети