12 ақпан 2019 | 16:39

Ілияс Кар сотта жол апатына қатысты не айтты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Gelandewagen автокөлігін мініп, үш адамның қазасына себепкер болған Ілияс Кар сот отырысында өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.


Иконка комментария блок соц сети

Gelandewagen автокөлігін мініп, үш адамның қазасына себепкер болған Ілияс Кар сот отырысында өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.

Сотта прокурор Тимур Шамои айыптау актісін оқыды. Оның айтуынша, сотталушы көлігімен 29 желтоқсанда Mitsubishi Galant автокөлігін соққан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған. Айта кетейік, Ілияс Карға жол ережесін бұзды, соның салдарынан абайсызда үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасады және апат болған жерден қашып кетті деген айып тағылған. 


Сотталушы Ілияс Кар. © Шоқан Алхабаев

Мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін судья Роман Селицкий сотталушыдан өзіне тағылған айыптармен келісе ме деген сұрақ қойды.

"Кінәмді жартылай мойындаймын. Менің мас күйде болғаным туралы мәліметті мойындамаймын. Оқиға орнынан қашып кетейін деген ойым болған жоқ. Мен сол жерде болдым", - деді Ілияс Кар. 

Еске салайық, бүгін, 12 ақпанда Алматыда Ілияс Кардың соты басталды.

Сотталушы жол жүрісі ережесін бұзды мен абайсызда үш адамның қаза болуына себепші болды және апат орнынан кетіп қалды деп айыпталып жатыр. (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі және 347-бабы).

Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 29 желтоқсанында болға еді. Алматыдағы Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen автомобилі Mitsubishi Galant көлігін соққан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бордюрге тірелген. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі - актриса Шолпан Елгезекова. Тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. 3 ақпанда ол ауруханадан шығарылды.

Уақыт өте марқұмдардың бірінің туысы Айдана Шаяхметова сараптама қорытындысы бойынша Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың ішімдік ішкені расталмай отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі келген делінген.

Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды - тергеу мәліметінше, жол апаты болған жерден Ильяс Кар мас күйде жаяу кеткен. Ол бір тәуліктен кейін ұсталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети