20 ақпан 2017 09:04

Лондондық мұғалім балаларды "Синий киттен" қалай құтқару керек екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон мектептерінің бірінде сабақ беретін Анна Гриневич соңғы уақытта әлеуметтік желілерде "Синий кит", "Тихий дом" сияқты "өлім ойындарынан" балаларды қалай оқшаулау керек екенін айтып берді. Бұл туралы роликті видеоблогер Kuan7777 YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.


Лондон мектептерінің бірінде сабақ беретін Анна Гриневич соңғы уақытта әлеуметтік желілерде "Синий кит", "Тихий дом" сияқты "өлім ойындарынан" балаларды қалай оқшаулау керек екенін айтып берді. Бұл туралы роликті видеоблогер Kuan7777 YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.

Мұғалімнің айтуынша, "өлім ойындарының" кураторлары махаббатқа бөленбеген балаларды іздейді екен. "Балаларды тауып, олармен ашық әңгіме жүргізетін психологтары бар. Уайымын бөлісіп, қолдау көрсеткен болады. Сосын діттегеніне қарай әңгіме ауанын бұра бастайды. Олар нейро-лингвистикалық психологиямен жұмыс істейді", - дейді 30 жыл еңбек өтілі бар оқытушы.

"Бұл көптеген ата-аналарға ұнамауы мүмкін, бірақ, олар балаларының қарыны тоқ, көйлегі көк деп ойлайды, бассейн, фехтование, спорт секциялары, көркем гимнастика, би үйірмелеріне барса, бұл ата-ананың баласына білдірген махаббаты деп ойлайды. Жоқ, жоқ! Ата-ана балаға тым көп тапсырма берсе, соншалықты балалық шағынан айырады. Ата-ана көп ойыншық сатып алып берсе, бұл махаббат емес, түсінесіздер ме. Махаббат - бұл сипаудың кез келген түрі. Бала сабағын орындап отырса, әр кезде уақыты бола бермейтін анасы оның жанына барып, "Мен сені жақсы көрем" деп басынан сипаса, осының өзі жеткілікті. Ол заманауи ойыншықтарды қажет етпейді, тек махаббатқа бөленгенін түсінгені дұрыс. Ал бұл жағдай отбасында болмаса, бала өзін артық адамдай сезінеді", - дейді Гриневич. 

"Ата-аналардың басым бөлігі баланың өсіп, абыройлы оқу орнына түсіп, абыройлы жұмысқа тұруын қалайды. Осы уақыт бойы ата-ана баланың жанында не болып жатқанын білмейді, ішкі дүниесіне тереңдемейді. Бала өкпелі болса, әке-шешесі оның неліктен өкпелі екенін сұрауы керек. Мұндай кезде "сен өзің кім едің", "тамағыңды, киіміңді береміз, басқа не керек", "бар тапқанымызды саған жұмсаймыз, ал сенің рақметің жоқ" деудің қажеті жоқ. Бұл - ата-ананың міндеті", - дейді мұғалім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети