20 сәуір 2018 09:17

Лотерея операторы 2018 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© paparazzi.kz © paparazzi.kz

Қазақстандағы лотерея операторы - "Сәтті Жұлдыз" акционерлік қоғамы бірінші тоқсанда республика бойынша лотерея билеттерінің сатылымын бастап, Қазақстанда лотерея саласының толыққанды іске қосылуы туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы лотерея операторы - "Сәтті Жұлдыз" акционерлік қоғамы бірінші тоқсанда республика бойынша лотерея билеттерінің сатылымын бастап, Қазақстанда лотерея саласының толыққанды іске қосылуы туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылдың 16 наурызынан бастап кез келген азамат "LOTO 6/49", "KENO" және "777" тираждық ойындарының қатысушысы болып, "Жомарт 3" және "777" лездік лотерея билеттерін Республика бойынша жақын маңдағы дүкендерден сатып ала алады.

Лотерея билеттерінің сатылымы тұрақты түрде өсіп жатыр. Бұған, ең алдымен, лотерея қатысушыларының жаңа өнімдерге және сауда орындарының кең желісіне деген қызығушылығы себепші. Лотерея билетін сатып алудың ыңғайлылығы мен жылдамдылығы, ұтысты сату орнында төлеу, ірі ұтыстар, супержүлделер - осының бәрі лотерея нарығының драйверлері болып табылады. Сонымен қатар өсудің себебіне билет бағасының төмен болуын қоссақ та болады. Көптеген лотерея қатысушыларының қайтарым ақшаға лотерея билетін сатып алуға мүмкіндіктері бар.

Тираждық лотереяларды сатудың алғашқы айында 40 782 600 теңгеге 333 037 ұтыс тігулер сатылып, 20 миллион теңгеге жуық ұтыс төленді. Тираждық лотереялардағы ірі ұтыс 200 000 теңге болды. Қазақстандықтардың басым көпшілігі супержүлдесі 10 миллион теңге болатын күн сайынғы "KENO" ойынын таңдайды. Тараз қаласының тұрғындары "777" ойыны бойынша бір уақытта мөлшері 50 000 теңгені құрайтын екі ірі ұтыстың иегері атанды. Лотерея билетін олар бір сату орнынан - Көшеней 8 тұйық көшесіндегі "Дәулет" дүкенінен 45 минут уақыт айырмашылығымен сатып алғандарын атап өткен жөн.

Іске қосылған сәттен бастап "LOTO 6/49" лотереясының 4 ұтыс ойыны өткізілді. Тікелей эфир қонақтарының ішінде компания қызметкерлері де, еліміздегі әйгілі нумеролог Айсұлу Ахимова сынды шақырылған қонақтар да болды.  

Айдың қорытындысы бойынша ойыншылар сүйкті лездік лотереясын әлі таңдамады. Құны 500 теңге тұратын, басты жүлдесі 1 млн. теңгені құрайтын "Жомарт 3" ойыны да, құны 700 теңге тұратын, басты жүлдесі 2 миллион теңгені құрайтын "777" ойыны да ойыншыларды бірдей қызықтыруда. Қазргі таңға жалпы сомасы 24 миллион теңгені құрайтын 42 000 лездік лотерея билеті сатылды. Ұтыс ретінде 14 миллион теңге төленді, соның ішінде 4 қазақстандық 100 000 теңгені құрайтын ұтыс иегері атанса, 16 отандасымыз 50 000 теңгелік ұтысқа ие болды.

Лотерея операторы IT-технологияларының арқасында лотерея саласы айқын да ашық болғанын іс жүзінде дәлелдеді. Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша "Сәтті Жұлдыз" АҚ ҚР-да Спортты дамытуға 12,5 миллион теңгені құрайтын (жалпы ойын кірісінің 15 пайызы) мақсатты траншты аударады. 

Естерңізіге сала кетсек, 2017 жылы "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотерея операторы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, лотереялар нарығы бойынша шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы - "Scientific Games International" (АҚШ) халықаралық компаниясының серіктестігі мен қолдауымен, ҚР аумағында барлық лотерея билеттернің сатылымын бақылауға мүмкіндік беретін өзінің IT-инфрақұрылымын құрды. Бұл ақпарат нақты уақыт режимінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тұлғасындағы мемлекеттік реттегішке, сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне тапсырылады.


© paparazzi.kz

Айта кетейік, "LOTO 6/49" апталық классикалық ойынында 20 миллион теңге болатын Супержүлдені ұту үшін 49-дан 6 санды табу қажет. Егер де ешкім дұрыс сандар жиынтығын таппаса, ойыншылардың бірі ұтыс комбинациясын тапқанша Супержүлделердің сомасы апта сайын жинала береді. Ұтыс тігу бағасы - 200 теңге.

Күнделікті "KENO" ойынында лототронға 80 нөмірленген шар жүктеледі, және онда 10 миллион теңгені құрайтын бас жүлдеге ие болу үшін түскен 20 саннан 10-ын дұрыс табу жеткілікті. Ұтыс тігу бағасы - 100 теңге.

Күнделікті "777" тираждық ойынында ойыншыларға 0-ден 9-ға дейінгі сандар арасынан 1-ден 3-ке дейінгі цифрларды табу қажет. Ұтыс тігу бағасы - 100 теңге.

Күнделікті тираждар сағат 16:00-де, апта сайынғы тираждар сағат  17:45-те "31 Арна" ТА-да тікелей эфирде көрсетіледі. Тираждың қорытындыларын лотерея операторының сайтында www.szhuldyz.kz немесе байланыс ортылығына 8 800 080 52 000 (қоңырау шалу тегін) хабарласу арқылы, және де кез келген Лотерея сату орнынан білуге болады.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети