Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Лотерея терминалдарына тыйым салынбайды

22 Қаңтар 2015, 13:48
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстанда лотерея терминалдарына тыйым салынбайды. Керісінше, Мәдениет және спорт министрлігі ұтыс ойнататын электронды терминалдарды заңдастыруды көздейтін заң жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер біз бұл реттелетін нарықты толтырмасақ, қызметтің бұл түрін пайдаланып кететін адамардың табылатыны анық. Қазір біз ойын автоматтарына заңмен тыйым салған кезде ол автоматтар лотерея қызметінің атын жамылып қайта ашылып жатыр", - деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге лотереялар мен лотерея қызметі туралы заң жобасын таныстырғаннан кейін.

Ол өз ведомствосы алдында лотерея терминалдары мен құмар ойындарының басқа да формаларына тыйым салу міндеті тұрмағанын айтты. "Неғұрлым көп жапсақ, олар соғұрлым көп ашылады. Бір жерде тыйым салсақ, сол жерде ол заңсыз түрде пайда болады. Біздің міндетіміз - керісінше, оларды заңды деңгейге көшіру, заңдастыру. Ең бастысы, ойыншыларда өз қызметімен заңсыз айналысқаннан гөрі заңды түрде салық төлеу ниеті бар. Әлем жетіліп келеді, жаңа бастамаларға тыйым салу дұрыс емес, тіпті, ақымақтық болар еді. Қызмет түрлері көп ашылған сайын халық үшін қызықты нәрселер де көп бола түседі. Біздің міндетіміз - сол қызмет түрлерін жариялы деңгейге көшіру", - деді министр.

Қазіргі уақытта лотерея терминалдарындағы ұтысты автомат анықтайды. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, жаңа заң жобасы ұтысты беруді ашық етеді. 

"Автомат жеңімпазды қалай анықтайды? Ол қаржы жағынан толған кезде, яғни бірінші келген ойыншы автоматқа жұмыс істейді, ал кім соңынан келді - оның ұтуы мүмкін. Біз қазір бұл автоматтарды бірыңғай орталықпен қосқалы жатырмыз, орталық монитор арқылы қай автоматқа қанша ойыншының келгенін көріп отырады. Орталық жеңімпазды кездейсоқ анықтап, автоматқа жолдайтын болады. Яғни, жеңімпазды автомат емес, барлық автоматқа жалғанған орталық анықтайды", - деді ведомство басшысы. 

Лотереялар мен лотерея қызметі туралы заң жобасының бүгін Мәжіліске ұсынылған түсіндірме жазбасында елімізде лотерея қызметінің тек лицензия берумен ғана реттеліп отырғаны айтылған. Бірақ мұндай реттеу тиісті нәтиже бермейді. Ал жаңа заң жобасы бұл саланы реттеудің тың жүйесін енгізуге мүмкіндік береді, сөйтіп, күмәнді лотереяларды ұйымдастырудың жолы кесіліп, халықтың ұтыс ойындарына деген сенімі артады. 

Айта кетейік, Астана әкімдігіне азаматтардан лотерея терминалдарына қатысты шағымдар жиі түседі. Адамдар бұл терминалдардың ойын автоматтарынан аумайтынын айтады. Бірақ қазіргі заң ол қондырғылардың алдында қауқарсыз болып тұр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай