“Лүпіл баспағаны үшін сөгіс“. Шымкент әкімдігі пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Жастар ресурстық орталығының (ЖРО) қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жастар ресурстық орталығының (ЖРО) қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбада, егер қызметкерлер орталықтың әлеуметтік желілердегі жазбаларына "лүпіл" баспаса, жазбаша сөгіс алып, ауызша ескертуге ілінетіні туралы жазылған. Осыған байланысты Tengrinews.kz пікір алу үшін Шымкент әкімдігіне жүгінді. Әкімдік бұл жағдайды "ішкі жанжал" деп атады.

"Бұл – жұмыс барысында туындаған ішкі мәселе. Мұндай жағдайларды әдетте жұмыс тәртібімен, сабырмен шешуге болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазір тренд басқа, алдымен әлеуметтік желіде шу көтеріп, кейін барып мәселені талқылау. Онымен қоса көп жағдайда кім бірінші айқайласа, сол адамдікі "дұрыс" болып шығады. Алайда практикада бәрі олай бола бермейді", - деді Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова.

Сонымен қатар, Жұмақұлова ЖРО басшысы шынымен де қызметкерлерден әлеуметтік желілерде белсенді болуды талап еткенін растады. Бұл үшін ол жауапкершілікке тартылған.

"Қызметкерлерді лайк (лүпіл) басуға мәжбүрлеу дұрыс емес. Егер шынымен әлеуметтік желідегі белсенділік маңызды болса, басымдықты жақсы контент жасауға бағыттаған жөн. Сонда лайк (лүпіл) та, қолдау да өздігінен келеді. Осыған байланысты Орталық басшысына тәртіптік шара қолдану туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады басқарма басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer