17 шілде 2023 13:07

ІІМ аптапқа байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін аптаптан қалай сақтануға болатыны туралы кеңестерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін аптаптан қалай сақтануға болатыны туралы кеңестерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай аптап кезінде жолға шығатын барлық жүргізушілерге сапарды жеңілдететін және түрлі қиын жағдайларда көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауды ұсынды.

  • Таңертең немесе кешке, күн ыстық емес уақытта алыс қашықтыққа сапарларды жоспарлаңыз;
  • Алғашқы медициналық көмек сөмкесі жүк салғышта емес, жаныңызда және су болуы керек;
  • Көлікпен мұз бетінде жүргендей ақырын жүріңіз, өйткені асфальт жоғары температура жағдайында өзінің қасиеттерін жоғалтып, тайғақ болады;
  • Салқындату жүйесін үнемі қадағалаңыз, термометр тілінің "қызыл" деңгейіне түсуіне жол бермеңіз;
  • Көлікте дизельдік отын мен бензин жоғары температурада көлемі артады, қолайсыз жағдайларда өртке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты сапар алдында өрт сөндіргіштің болуын тексеру қажет;
  • Жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілер осы кезеңде жол жүрмегені абзал;
  • Денсаулығы күрт нашарлаған жағдайда дереу жылдамдықты азайтып, көлікті тоқтатыңыз, басқа жүргізушілерге хабар беріп, жедел жәрдем шақырыңыз немесе 102,112 құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Ведомство мәліметінше, аптапта көп адамда бас айналу, летаргия, ұйқышылдық, зейіннің шоғырлануы мен төтенше жағдайдағы әрекет ету жылдамдығы төмендейді. Ең бастысы, рөлде ұйықтап кету қаупі айтарлықтай артады.

Еске сала кетейік, жаз мезгілі тамаша болуы мүмкін, бірақ жоғары температура денсаулыққа өте қауіпті. Кейбір адамдар ыстық ауа райында басқаларға қарағанда көп зардап шегеді. Әсіресе ыстық күндері өте сақ болу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети