06 қаңтар 2020 09:00

ІІМ автоХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезекке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nadezhda.kz © nadezhda.kz

Қазақстанның ішкі істер министрлігі өкілдері республикалық автоХҚКО-ларында қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ішкі істер министрлігі өкілдері республикалық автоХҚКО-ларында қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы 5 қаңтарда ақпараттық жүйелердің жаңартылуына байланысты "көлік құралын тіркеу" және "жүргізуші куәлігін беру" қызметтерін көрсету уақыты ұзарды. Бұл "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ бөлімшелеріндегі кезектің себебі болды. Осыған байланысты 6 қаңтарда туындаған техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі, одан кейін қызмет көрсету қайта басталады. Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚКО-да штат тәртібінде көрсетіледі. ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 4 қаңтарда республика бойынша техникалық жұмыстарға байланысты автоХҚКО-лар жабылған еді. "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің хабарына сенсек, дайын құжаттарды дайындау бойынша жаңа ақпараттық жүйе мен жабдықтарды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети