WhatsApp-та өздерін полиция өкілдері деп таныстыратын адамдар тобы үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. ІІМ пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake мәліметіне сілтеме жасап.
"Олар жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық мәліметтерді жинайды екен. Таратылым фотосуреттер мен аудио файлдан тұрады. Онда бір әйел күдіктілердің планшеттері барын және үйге кіруге түрлі сылтау табатынын айтады", - делінген хабарламада.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ІІМ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз", – делінген ҚР ІІМ ресми хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!