04 қыркүйек 2019 12:22

ІІМ Жаңаөзендегі заңсыз митингілердің жолын кеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ішкі істер министрлігі Жаңаөзенде заңсыз митинг ұйымдастыру шараларының жолын кеседі. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Жаңаөзенде заңсыз митинг ұйымдастыру шараларының жолын кеседі. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір топ адам Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашылады дегенге қарсы шықты. Бүгінгі күні бұл ақпарат жалған және ешқандай кәсіпорындар ашылмайды, бірлескен кәсіпорындар бар, инвестициялар бар. Бірақ әлеуметтік желілерде қате ақпарат тарап жатыр, бұл заңсыз. Егер заңсыз митингіге шақыратын болса, ішкі істер органдары бұл митингілерді жолын кесетін болады. Бүгінгі таңда бәрі тыныш", - деді Тұрғымбаев Мәжілістің кулуарында.

Министр Жаңаөзенде тұрғындардың әкіммен кездескенін, соның нәтижесінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Осыған дейін, Жаңаөзен қаласында жүздеген ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети