ІІМ Қазақстанда рақымшылық жасау идеясын қолдады: ол кімдерге қатысты болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ІІМ Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сотталған әйелдерге рақымшылық жасау туралы ұсынысына жауап берді. Бұған дейін депутат министрлікке тиісті депутаттық сауал жолдаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сотталған әйелдерге рақымшылық жасау туралы ұсынысына жауап берді. Бұған дейін депутат министрлікке тиісті депутаттық сауал жолдаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ-нің жауабында "мұндай амнистия актісін қолдану туралы ұсыныс тұжырымдамалық тұрғыдан қолдау табады" делінген.

Амнистияны қарастыру барысында министрлік қылмыстың ауырлығымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайын да ескеруді ұсынады. ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан әйелдердің ішінде: 29-ы мүмкіндігі шектеулі, 243-і 60 жастан асқан, 13-і жүкті, 58-і кішкентай балалары бар, 226-сы көпбалалы аналар.

"Сондай-ақ, өтелмеген материалдық талаптары бар әйелдердің (3910 адам) жазасын жеңілдету, бас бостандығынан айыруды басқа жазалау түріне ауыстыру қарастырылуы керек", – делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар, ІІМ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан 5055 әйелдің жаза мерзімін қысқартуды мүмкін деп санайды.

Ал жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан 1220 әйелді босату мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

"Бірінші рет сотталған және зорлық-зомбылықсыз қылмыс жасаған әйелдерді босату мәселесі қосымша талдауды қажет етеді, сонымен қатар жәбірленушілердің құқықтарын қорғау да ескерілуі тиіс", – деп толықтырды ІІМ.

Министрліктің есебінше, екі мыңнан астам сотталушының босатылуы бюджетке күніне 5,8 миллион теңге, жылына 2,1 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Бұл шара гуманизм қағидаттарын көрсетудің, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдаудың, әйелдерді қоғамға бейімдеудің, отбасылық құндылықтарды нығайтудың, балалардың құқықтарын қорғаудың, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды оңтайландырудың және сотталғандардың ұстау жағдайын жақсартудың бір көрінісі болады, – деді министрлік өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай сотталған әйелдерді амнистиялау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer