13 қаңтар 2021 09:26

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

© Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізушілерден ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға назарға аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізушілерден ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға назарға аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілдері 12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс толығымен жабылғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Ақмола және Қостанай облыстарындағы қала сыртындағы тасжолдарда Солтүстік Қазақстан облысы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы шектелген. Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстары бағыты бойынша қозғалыс шектелген.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының бұзылады деп болжанып отыр. ІІМ осы аймақтар тұрғындарына ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықты қатаң сақтау керегін ескертеді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында қалың қар жаууына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланған болатын. 13 қаңтар сағат 9-дағы жағдай бойынша, Алматыда 10 сантиметр қар түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram