ІІМ қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia NEWS-қа сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia NEWS-қа сілтеме жасап.

"Ұялы байланыс тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, алаяқтық дерегі туралы ақпаратты SMS арқылы жіберу азаматтардың кең ауқымын жедел хабардар етуге мүмкіндік береді", - деді ІІМ.

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

- өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

- белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

- күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

- қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

- белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

- банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

- өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +26
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +21
Петропавл +18
С
Семей +21
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер