17 маусым 2024 09:29

ІІМ Қазақстанның төрт өңірінде арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

ІІМ жедел іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ІІМ жедел іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамырда Өскеменде жиһаз бизнесінің атын жамылып, синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қойманы жалға алып, жабдықтар мен химиялық заттар әкелген.

"Ұстау кезінде 1,5 келіге жуық дайын есірткі, бір жарым тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық және буып-түюге арналған жабдықтар тәркіленді. Тексеруден кейін оның Қостанай, Петропавл қалалары және Алматы облысындағы ұқсас зертханалармен байланысы бар екені анықталды. Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің қозғалыс маршруты және күн тәртібін бақылауда ұстады", - делінген хабарламада.

Осылайша полицейлер бір мезетте бірқатар өңірде операция жүргізді. Рудныйда жалдамалы үйдің моншасын зертхана етіп жабдықтаған екі адам ұсталды. 300 грамнан асатын дайын есірткі, химиялық заттар, қорғаныш костюмдер және жабдықтар тәркіленді. Олардың көліктерінен сатуға дайын есірткі табылды.

Алматы облысында мефедрон өндірісімен айналысқан тағы екі күдікті ұсталды. Өндірістің соңғы сатысындағы есірткі, прекурсорлар және жабдықтар тәркіленді. Тергеу кезінде ұсталғандар есірткі жасырылған он жерді көрсетіп, жалпы салмағы шамамен 3 келіден асатын есірткі анықталды.

"Жалпы қала көшелеріне синтетикалық есірткінің 11 мыңға жуық дозасының таралуына тосқауыл қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келіден астам синтетика заңсыз айналымға жіберілмеді, 4 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. ІІМ қоғам қауіпсіздігіне бейжай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыратын болады. Бірлесіп қана біз қалаларды қауіпсіз етіп, балаларды есірткі қаупінен қорғай аламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети