ІІМ полицейлерге арнайы таяқшаларды қайтару мәселесін қарастырады - Қасымов

28 Сәуір 2017, 11:51
1
ІІМ полицейлерге арнайы таяқшаларды қайтару мәселесін қарастырады - Қасымов - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Үкімет сағаты барысында сенатор Серік Ақылбай ІІМ басшысынан халықтың шағымдануына байланысты полицейлерге арнайы таяқшаны қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта осы арнайы таяқшалардың біраз бөлігі жойылды. Одан қандай пайда? Мен өзім жүргізушімін, бірақ мен кейде полицейлердің не көрсетіп тұрғанын түсінбеймін. Мүмкін оларға арнайы таяқшаларын қайтарамыз? Олар таяқшаларға үйреніп қалған, әсіресе, түнгі уақытта таяқшаны көрсете салады және ол бізге бірден көрінеді. Интернетте қарасақ, халық арнайы таяқшалардың жоқтығына шағымданып жатыр. Үйрене алмай жатыр, мен де үйрене алмай қойдым", - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай.

Министр Қалмұханбет Қасымов болса елдің еуропалық тәжірибені ескере отырып, осы таяқшалардан бас тартқанын айтты.

"Біз бұл мәселені қарастыратын боламыз. Үкіметтің халықаралық тәжірибені енгізу туралы хаттамасы қабылданған болатын. Мен арнайы таяқшалардан бас тарту туралы бұйрыққа былтыр қол қойдым. (...) Ал біздің халықтың бұған үйрене алмай жатқаны басқа мәселе. Менің ойымша, бұл жай әдет, әдет кейіннен қалады. Адамдар полицейлердің жаңа жарық шағылыстырушы формасына да үйренеді", - деді министр сенатордың сауалына.

Сонымен қатар, Қасымов қазіргі уақытта полицейлердің жүргізушілерді қолымен тоқтата алатынын айтып өтті.

"Полицейлердің көлігінде кем дегенде екі видеотіркеу құрылғысы орнатылған және біз полицейлердің барлық әрекетін көріп отырамыз. Жыл соңына дейін барлық полицейді видеотіркеу құрылғысымен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Сондықтан мен біздің полицейлерге видеотіркеу құрылғысы жоқ жүргізушілермен жұмыс істеуге тыйым салдым. Жүргізушіде видеотіркеу құрылғысы болмауы мүмкін, мысалын, бізде олардың 100 пайызы қамтамасыз етілген. Бірақ облыстардағы жүргізушілердің 30-50 пайызында ол құрылғы жоқ, сондықтан біз олармен жұмыс істеуге тыйым саламыз", - деді министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жүргізушілерге салынатын айыппұл сомасының қысқаратынын айтқан еді. Сондай-ақ, министр 2017 жылдың алғашқы үш айында жол-көлік оқиғаларының 13,2 пайызға азайғанын, жол апатынан қаза тапқандардың саны 27,2 пайызға және зардап шеккендердің саны 10,4 пайызға азайғанын айтып өткен еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай