1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ІІМ шетелдік көліктерді тіркеу мәселесі бойынша тікелей желі ашты

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алып, еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөніндегі мәселелерді түсіндіру үшін "Тікелей желі" телефон желісін іске қосты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.

"Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөлімшелері республикалық кезекті "Жолда қабылдау" акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-офистерінен алуға болады", - делінген хабарламада. 

"Жолда қабылдау" акциясы шеңберінде және полиция фронт-офистерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиця көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.

"Жолда қабылдау" акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.

ШҚО-да ұшақ өртенді