06 мамыр 2022 11:00

Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының Сурдлимпиададағы ойынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасының Сурдлимпиададағы ойынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы қатысып жатқаны белгілі.

Министрліктің мәліметінше, ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР заңамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыны, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

"Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Еркебұлан Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды", - делінген хабарламада.

Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізгенін айтты.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Сурдлимпиада ұлттық комитеті де бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген. Онда спортшы арнайы сынақтан өтіп, жарысқа қатысуға рұқсат алғаны айтылған болатын. 

Еркебұлан Қанафин Бразилияда Сурдлимпиада ойындарындағы дзюдо жарысында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети