06 мамыр 2022 09:20

Дзюдошының құлағы мүкіс емес пе? Қазақстандық спортшының "алтынына" байланысты жанжал шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Olympic.kz ©Olympic.kz

Еркебұлан Қанафин Бразилияда Сурдлимпиада ойындарындағы дзюдо жарысында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған еді. Алайда, осыдан кейін бірден "жанжал" туындады, себебі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ деп хабарлаған. Vesti.kz осы жанжал неден басталғанын анықтады.


Еркебұлан Қанафин Бразилияда Сурдлимпиада ойындарындағы дзюдо жарысында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлаған еді. Алайда, осыдан кейін бірден "жанжал" туындады, себебі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ деп хабарлаған. Vesti.kz осы жанжал неден басталғанын анықтады.

Қанафин 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста жеңіске жетті. Ұлттық құрамаға алғашқы "алтынды" әкелді. Дегенмен, елдің спорт комитетінің түсініктемесі бұл жеңісті жоққа шығарып отыр.

"Еркебұлан Қанафин есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспайды, ұлттық құраманың мүшесі емес, нашар еститін адам емес және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарына тіркелмеген", - деді ұйымның баспасөз қызметіндегілер.

Ал Қазақстан Сурдлимпиада ұлттық комитетінің ұстанымы басқаша болып тұр. Вице-президент Айжан Шокина спортшы арнайы сынақтан өтіп, жарысқа қатысуға рұқсат алғанын айтты.

"Барлық спортшы жарыс басталар алдында бағдарлама бойынша арнайы сынақтан өтеді. Дзюдошымыз одан өтті. Ол барлығын жеңіп, алтын медаль алды. Алайда соңғы сәтте қарсыластары шағымданды. Бізге белгілі болғандай, спорт комитетінің өкілдері, біздің қазақтар дзюдошы саңырау емес екенін айтыпты. Ұйымдастыру комитеті спортшы сынақтан өткенін айтты. Нәтижесінде, біздің спорт комитеті басқа қарсыластарға барып, солар шағымданды", - деді Шокина.

Ұйым өкілі ұйымдар арасындағы текетірес көптен бері жалғасып келе жатқанын айтты.

"Әдетте біздің спортшылар әлеуметтік желілерде жеңісі туралы ақпаратты бірден жариялайды. Бұл жолы ештеңе болған жоқ. Спорт комитетінің өкілдері бұл жағдайды тыныш шешуге тырысады деп қорқамын. Шын мәнінде, біздің текетірес баяғыдан жүріп жатыр.

Сурдлимпиада ойындарының құрамасын біз - Сурдлимпиада федерациясы таңдауымыз керек. Бірақ құрамды Спорт және дене шынықтыру істері комитеті де жасақтады. Біздің тізімде олар қоспаған 15 спортшы бар. Оларға қысым көрсетілді, жарысқа қатыспауға көндірді. Дегенмен олар сайыстарға қатысты", - деді Шокина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети