10 желтоқсан 2022 12:17

 "МАЭК" ЖШС-нің жаңа бас директоры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МАЭК" ЖШС-нің жаңа бас директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"МАЭК" ЖШС-нің жаңа бас директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 желтоқсанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев "МАЭК" ЖШС ұжымына өз еркімен жұмыстан кеткен Талғат Есентүгеловтің орнына келген жаңа бас директорды таныстырды.

"МАЭК" ЖШС-нің жаңа басшысы болып Жасұлан Сүйіншәлиев тағайындалды.

Облыс әкімі жаңа басшының тәжірибесі мен құзыреті оған "МАЭК" ұжымымен бірлесіп кәсіпорынды жаңғыртуға көмектесетінін айтты. Нұрлан Ноғаев кәсіпорын қызметкерлерінің алдына бірқатар нақты міндет қойып, өңірді ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстың үйлесімділігіне байланысты екенін айтты.

Айта кетейік, Жасұлан Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін бітірген.

Бұған дейін ол "Каспий Жылу су Арнасы" МКК директоры, "ҚазНИСА" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқару комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас сарапшысы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті және басқа да қызметтерді атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети