07 наурыз 2019 10:33

Мағбат Спанов Есеп комитетіне қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мағбат Спанов. © uib.kz Мағбат Спанов. © uib.kz

Мағбат Спанов Есеп комитетіндегі республикалық бюджеттің игерілуін бақылайтын "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың" директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Мағбат Спанов Есеп комитетіндегі республикалық бюджеттің игерілуін бақылайтын "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың" директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ұжымға жаңадан тағайындалған орталық директорын таныстырып, оған жоғары жетістіктер мен жұмыста табыс тіледі.

Спанов Мағбат Уарысбекұлы 1964 жылы Барнаулда (Ресей) дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Еңбек өтілі: түрлі ғылыми және ғылыми-талдау ұйымдарында, соның ішінде ҚР Ғылым академиясының экономика институтында, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстанның Даму институтында (1989-2010); үш ғылыми журналдың шеф-редакторы - "Транзитная экономика", "Еуразиялық қауымдастық: қоғам, саясат, мәдениет", "Саясат-policy" (1995-2007); Астана бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі (2011-2013).

Халықаралық бизнес университеті жанындағы инновациялық экономика институтының директоры, "Тұран" университетінің профессоры, Уба ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін "Дарын" Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған (1998). Жүзден аса ғылыми жұмыстарды, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети