13 қаңтар 2016 09:58

Мәжіліс депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі брифингтен.


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі брифингтен.

"Біз бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін дереу доғаруды сұраймыз", - деді депутат Владислав Косарев. Айта кетейік, мұның Парламенттің үш фракциясының депутаттарына да қатысы бар. Сонымен қатар, депутаттар Мемлекет басшысынан сайлау өткізу туралы Жарлық шығаруды сұрады.

"Біріншіден, қазіргі Мәжіліс Ұлт жоспарының заңдық негізін жасай отырып, тарихи міндетін орындады. Парламент 80 заңды қабылдап, Президенттің әрбір бесінші конституциялық реформасына сәйкес жол картасын жасады. Қазіргі тарихи жаңа кезеңде партиялардың сайлаушылардың сеніміне кіргені маңызды", - деді Косарев.

Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін қоғамдық бірігу керек. "Тек бірлік пен бірге әрекет етудің арқасында ғана жаңа экономикалық соққыға төтеп бере аламыз. Реформаны барлық деңгейде жүзеге асыруда әрекетімізді үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мәслихат сайлауымен біріктіру керек. Бұл дағдарыс кезінде сайлауды өткізуге жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Осыған байланысты біз Мемлекет басшысынан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің V шақырылымын мерзімінен бұрын тарату туралы Жарлықты қабылдап, парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді сұраймыз", - деді Косарев.

Депутат Азат Перуашев "Ақ жол" фракциясының Парламент Мәжілісін таратып, кезектен тыс сайлау өткізуді қолдайтынын айтты.

"Бұл қадам Президенттің бес реформасы мен дағдарысқа қарсы стратегияны сенімді жүзеге асырып, халықтың сеніміне ие болатын жаңа Парламент құру үшін маңызды. Халықтан осындай күрделі кезеңде қай партияға сенім артатынын сұрайық. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазір бізге ауадай қажет. Сондықтан да біз "Нұр Отан" партиясы және Қазақстан коммунистік халық партиясымен бірге Мемлекет басшысына үндеe дайындадық. Бүгін барлық саяси партиядан және қоғамдық бірлестіктерден біздің осы бастамамызды қолдауды сұраймыз", - деді Перуашев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети