23 маусым 2021 17:04

Мәжіліс депутатының мандаты Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нурлыбек Ожаев. Фото: instagram.com/ozhayev_nurlybek_zhumakhmetuly Нурлыбек Ожаев. Фото: instagram.com/ozhayev_nurlybek_zhumakhmetuly

Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның Twitter-парақшасына сілтеме жасап.


Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның Twitter-парақшасына сілтеме жасап.

Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы 3 шілдеде Атырау облысының Махамбет ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2010 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Партия баспасөз қызметі мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Nur Otan партиясы Атырау облыстық бөлімше төрағасының бірінші орынбасары болған.

Еңбек жолын комбайнерлер бригадасының шебер-реттеушісі ретінде бастады. Әр жылдары Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Ынталы" совхозының комсомол комитетінің хатшысы, Атырау облысы Махамбет аудандық әкімшілігінің аға референті, Махамбет аудандық Жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің бастығы, Махамбет ауданы әкімдігі аппаратының басшысы, Махамбет ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

2004-2005 жылдары - Жылыой ауданы Сарқамыс кентінің тұрғындарын көшіру жобасы бойынша "Облыс жолдары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары;
2005-2006 жылдары - Атырау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
2006-2009 жылдары - Атырау әкімі аппаратының басшысы;
2010-2013 жылдары - "Аджип ККО" компаниясының еңбек заңнамасы нормаларын қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші;
2013-2014 жылдары - Атырау облысы Исатай ауданының әкімі;
2014-2016 жылдары - Атырау қаласының әкімі.
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети