25 наурыз 2016 14:06

Мәжіліс Қазақстан үкіметіне сенім білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің жалпы отырысында сайланған Парламент Мәжілісінің ҚР үкіметіне сенімі мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістің жалпы отырысында сайланған Парламент Мәжілісінің ҚР үкіметіне сенімі мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметке сенім мәселесі талқыланып жатқанда депутат Татьяна Яковлевадан ұсыныс түсті - мәселені талқылаусыз дауыс беру арқылы шешу. Барлық депутат бір ауыздан қолдады. 

"96 депутат "иә" деп жауап берді, 7 депутат жауап беруден тартынды, төртеуі - қарсы болды", - деп жария етті спикер Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Осылайша, Қазақстан Парламентінің  алтыншы шақырылымындағы Мәжіліс премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үкіметіне сенім білдірді. 

"Бірінші кезекте барлығыңызды сайлаудан өткендеріңізбен және Парламент Мәжілісінің депутаты деген жоғары мәртебені, қазақстандықтардың сенім мандатын алғандарыңызбен құттықтаймын. Сіздердің шақырылымның бірінші әрекеті қазіргі үкімет құрамына сенім білдіру болды. Сіздердің сенімдеріңіз - жеке мен үшін де, үкіметтің мүшелері үшін де үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Біз Мемлекет басшысы бағдарлама құжаттарында көрсетілген стратегиялық мақсаттарға жету бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. (...) Бүгінде әлемдік экономиканың күрделі даму жағдайында Мемлекет басшысы жаңа жауапты міндеттер қойды, біз сол міндеттерді орындауға дайынбыз. Осыған байланысты еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және сіздерді, құрметті депутаттар үкіметтің отанымыздың гүлденуіне бағытталған экономикалық саясатты жүзеге асыратынын айтып, сендіргім келеді. (...) Айтқым келгені, мен Президентіміздің көмекшісі болғанмын, болып келемін, боламын", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлады. Бұл қызметке Атырау облысының экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети