07 маусым 2017 11:59

Мәжіліс отырысында бір-біріне мүлде қайшы ақпарат берген шенеуніктер ұятқа қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста екі шенеунік бір-бірне қарсы мәліметтер келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста екі шенеунік бір-бірне қарсы мәліметтер келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Денсаулық сақтау министрлігі қызмет дефициті бойынша жоспарын орындамағанын мәлімдеген. Алайда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мұны мойындамады.

"Бізде кадр жетіспеушілігі 2095 қызмет деңгейінде болады деп жоспарланған, 2015 жылы 3015 болатын, яғни біз оны бір мыңға азайтпақ болдық. 2016 жылдың қорытындысы бойынша дефицитті 1854 қызметке төмендеттік, біз бұл көрсеткішті артығымен орындадық деген сөз", - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин комитет төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтен келтірген деректерін қалай дәлелдей алатынын сұрады. 

"Үкіметтің берген мәліметі мен денсаулық сақтау министрлігінде расталған ақпараттар есепті даярлау кезінде сәйкес келіп тұрған. Алайда біз оны қайта тексере аламыз. Біз 2095 жоспары орындалмаған деген пікірдеміз", - деп жауап берді Есеп комитетінің төрағасы. 

"В общем, уважаемые начальники большие, стыд и позор. Либо вы подписывая документы не читаете, либо не понимаете, что вы подписываете. Отправляйте в Парламент два документа, которые абсолютно друг другу противоречат", - заключил Нурлан Нигматуллин.

"Жалпы, басшы мырзалар, бұл ұят әрі масқара. Сіздер құжатқа қол қоярда оны оқымайсыздар немесе қайда қол қойып жатқандарыңызды түсінбейсіздер. Бір-біріне мүлде қайшы құжаттарды Парламентке жолдап отырсыздар", - деп аяқтады сөзін Нығматулин. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети