15 қаңтар 2021 10:39

Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне оң әсерін тигізді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне оң әсерін тигізді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді.

"Соңғы сайлау саяси бәсекелестіктің артуына оң әсер етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға тәртіпті де парасатты адамдар келді. Біз бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысы парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтетінін айтты.

"Осылайша, біз көппартиялықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға елеулі серпін бердік", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

Айта кетейік, қазір Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Бұл отырыста Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети